Қарағандылық құтқарушылар жануарларға қамқорлық көрсетті

Қарағандылық құтқарушылар жануарларға қамқорлық көрсетті

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері «30 игі іс» акциясы аясында жануарларға арналған панажайға барды.

Ізгі бастама аясында құтқарушылар өз қолдарымен жаңа үйшіктер жасап, азық-түлік пен қажетті заттар жеткізді. Сондай-ақ мекеме аумағын ретке келтіріп, үй шаруасында қолғабыс етті. Бір отбасы өз күшімен ондаған итке пана болып отырғандықтан, құтқарушылардың көрсеткен қолдауы олар үшін ерекше маңызға ие болды.

Бұл бастама құтқарушылардың қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп қана қоймай, жануарларға деген қамқорлық пен ізгілікті дәріптеуге бағытталды. Панажай иелері құтқарушыларға алғыстарын білдіріп, олардың көмегінің иттердің өмір сүру жағдайын жақсартуда үлкен рөл атқаратынын атап өтті.