Қарағанды облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағында «30 игі іс» акциясы аясында Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп оқушылары үшін ашық есік күні өтті.
Оқушылар құтқарушылардың жұмысы, арнайы техникасы және құрал-жабдықтарымен танысты. Оларға кинологтар мен сүңгуірлердің қызметі көрсетіліп, жедел әрекет ету және алғашқы көмек бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.
Жас құтқарушылар алған әсерлерімен бөлісіп, бұл күн олар үшін есте қаларлық әрі пайдалы болғанын атап өтті. Сонымен қатар балалардың бұл салаға деген қызығушылықтары оянып, болашақта құтқарушылар қатарында жұмыс жасағылары келетінін жеткізді.
Қарағанды облысы ТЖД