Қарағанды облысында инженерлік жұмыстар жоспарының су тасқынына қарсы іс-шараларын бағалау мақсатында су тасқыны қаупі бар учаскелер мен елді мекендерді аралау басталды. Аралау барысында жергілікті атқарушы органдарға жоспардың барлық іс-шараларын ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін аяқтау ұсынылды.
Бүгінгі таңда жоспарланған 138 іс-шараның 67 тармағы орындалды, қалған 71 іс-шара бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жоспар шеңберінде 12 км қорғаныс бөгеттері мен біліктері тұрғызылып, нығайтылды, 17,5 км өзен арналарының су тасқыны қауіпті учаскелеріне санация жүргізілді, 700 м-ге жуық су бұру арналарын салу және жөндеу жүргізілді, 4,4 км-ден астам нөсер кәріздері тазартылды. Автожолдардың 31 учаскесінің су өткізу қабілеті ұлғайтылды, 2 ГТҚ жөндеу жүргізілді.
Су тасқынына қарсы іс-шаралардың іске асырылуы тұрақты бақылауда.
Қарағанды облысы ТЖД