Мектеп оқушылары құтқарушылардың қызметімен танысты

Мектеп оқушылары құтқарушылардың қызметімен танысты

Қарағанды облысы ТЖД ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «30 игі іс» акциясы аясында №81 мектеп оқушылары үшін ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерді құтқарушылардың қызметімен таныстыру, қауіпсіздік ережелерін үйрету, сондай-ақ жас ұрпақтың құтқарушы мамандығына деген қызығушылығы мен құрметін арттыру.

Оқушыларға өрт сөндіру-құтқару техникасы, авариялық-құтқару жабдықтары, құтқарушылардың арнайы құралдары мен кезекші диспетчерлік қызметтің жұмысы көрсетілді. Төтенше жағдайларды жою кезінде қолданылатын заманауи құрылғылардың қалай жұмыс істейтінін көріп, олардың ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар балалар құтқарушылардың арнайы қорғаныс киімдерін киіп, өздерін маман рөлінде сынап көрді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі