Қарағанды облысы Осакаров ауданының Шідерті ауылында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру пункті ашылды.
Жаңа нысан Шідерті ауылы мен оған жақын орналасқан шаруа қожалықтарының өртке қарсы қорғалуын қамтамасыз етеді. Пункт заманауи өрт сөндіру техникасымен, байланыс құралдарымен және тәулік бойы кезекшілік атқаруға қажетті жабдықтармен жарақталған.
Ауылдық жерде мұндай нысандардың ашылуы аса маңызды: олар төтенше жағдайларға дер кезінде әрекет етуге, олардың салдарын болдырмауға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қарағанды облысы ТЖД