«Сіздің үйіңіздің қауіпсіздігі!» акциясы

«Сіздің үйіңіздің қауіпсіздігі!» акциясы

2025–2026 жылғы жылыту маусымының қарсаңында Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері халықпен үгіт-насихат және алдын алу іс-шараларын ертерек бастады.

14 тамыз күні Қарағанды қаласының тұрғын секторында «Сіздің үйіңіздің қауіпсіздігі!» атты кең ауқымды акция өтті, сондай-ақ ірі сауда үйлерінің бірінде «Өрт қауіпсіздігі бұрышы» тақырыптық көрмесі ұйымдастырылды. 

Іс-шараға қатысушыларға кіріспе сөзбен Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Думан Далешов жүгініп, тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мен алдын алу шараларын уақтылы жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Акцияға сондай-ақ Полиция департаментінің, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, «QazaqGaz» ҰК» АҚ өкілдері, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалының еріктілері белсене қатысты.

Акция барысында әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға ерекше көңіл бөлінді. Тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары түсіндіріліп, үйлеріне көміртек тотығы датчиктері орнатылды.

Қарағанды облысы ТЖД