Судағы іздестіру-құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне 135 жаңа жазғы аквакостюм берілді. Жеңіл және ыңғайлы жабдық құтқарушыларға барынша жайлылық пен қауіпсіздікпен суда жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері де қызметтік тапсырмаларды орындау кезінде олардың қорғанысы мен жайлылығын арттыратын қажетті құрал-жабдықтар – жаңа аквакостюмдер алды.