Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бұйрығымен Қарқаралы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымына азаматтық қорғау майоры Алмас Ибраев тағайындалды.
Бұған дейін Алмас Қасымұлы Қарқаралы қаласы №16 өрт сөндіру бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
А.Ибраев 1993 жылы Ақмола облысы Целиноград қаласында дүниеге келген.
2011-2015 жылдар аралығында ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтында «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын қарауыл бастығы лауазымынан бастаған.
Қарағанды облысы ТЖД