Қарағанды облысында төтенше жағдайларға ден қою үшін еріктілердің мобильді тобы құрылды

Қарағанды облысында төтенше жағдайларға ден қою үшін еріктілердің мобильді тобы құрылды

Қарағанды облысында волонтерлікті дамыту және қолдау жөніндегі Жол картасын жүзеге асыру аясында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің базасында еріктілердің мобильді тобы құрылды.

Басты мақсат – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен зардаптарын жою іс-шараларына еріктілерді тарту.

Осы мақсатта еріктілерге арналған оқу-жаттығу сабақтары ұйымдастырылды. Дайындық бағдарламасына теориялық және практикалық бағыттар енгізілді. Атап айтқанда: өрт қауіпсіздігі және өрт кезіндегі іс-әрекеттер, құтқару жұмыстарын жүргізудің негіздері, алғашқы медициналық көмек көрсету, психологиялық қолдау және төтенше жағдайларға ден қою шаралары.

Қарағанды облысының ТЖД