Көкшетауда өткен «Жас құтқарушы» республикалық слетінде Қарағанды облысының командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Төрт күн бойы қатысушылар шеберлік, физикалық дайындық, ұйымшылдық және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Олар барлық кезеңдерден сәтті өтіп, өздерінің мықтылығын дәлелдеді.
Оқушылар туған жерге оралған сәтте Қарағанды облысы ТЖД басшылығы, аудан әкімдігі, ұстаздары мен ата-аналары салтанатты түрде қарсы алды. Басшылық балалардың жауапкершілігі мен ұйымшылдығын ерекше атап өтіп, республикалық слеттегі жоғары нәтижелері үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, жас қатысушыларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталып, болашақта толағай табыстар тіледі.
Жас құтқарушылар мен олардың тәлімгерлері – С.Торайғыров атындағы мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Мадияр Жүнусов пен ТЖ бөлімінің бас маманы Ерлан Манқаев Қарағанды облысы ТЖД алғыс хаттарымен марапатталды.
Бұл жеңіс – табанды еңбектің, тәртіп пен бірліктің жемісі. Жас құтқарушыларымызды құттықтаймыз, алдағы уақытта да биіктерден көріне беріңіздер!
Қарағанды облысы ТЖД