Қауіпсіздік — басты назарда

Қауіпсіздік — басты назарда

Қарағанды облысында «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы аясында рейдтік іс-шаралар өтуде.

Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері бірлесіп, газбаллонды жабдық орнатылған көліктерді тексеріп, қауіпсіздік шараларын бақылауға алды.

Іс-шараның мақсаты — автокөліктердегі өрттің алдын алу және жүргізушілер мен көлік иелерінің өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жауапкершілігін арттыру.

Рейд барысында өрт сөндіргіштердің бар-жоғы мен жарамдылығы, тез тұтанғыш сұйықтықтарды сақтау ережелерінің сақталуы, электр сымдары, отын жүйесі және газ жабдығының техникалық жай-күйі тексерілуде. Ерекше назар қоғамдық көлік пен газ баллон жабдықтары бар көліктерге аударылды.

Өрт туындаған жағдайда алғашқы қорғаныс құралы саналатын өрт сөндіргіштің көлікте болуы және оның жарамдылығы — адам өмірі мен мүлікті қорғаудың негізгі кепілі. Осыған байланысты барлық көлік иелері мен жүргізушілерге көліктерін уақтылы техникалық тексеруден өткізу, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және көлікте жарамды өрт сөндіргіштің міндетті түрде болуын қамтамасыз ету қажеттігі ескертілді.

Қарағанды облысы ТЖД