Алғаш рет орманшылармен меморандумға қол қойылды

Алғаш рет орманшылармен меморандумға қол қойылды

Қарағанды облысында іздестіру-құтқару жұмыстарын тиімді жүргізуге бағытталған маңызды оқиға орын алды. Өңірде алғаш рет Қарағанды облысының ТЖД мен Орман шаруашылығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның басты мақсаты - ормандарда адасып немесе жоғалып кеткен адамдарды жылдам әрі нәтижелі іздеу үшін күш пен ресурстарды біріктіру. Орманшылар өз аумақтарын жақсы білетін мамандар: олар жолы қиын жерлерде еркін қозғалып, жер бедерінің ерекшеліктері мен қауіпті аймақтарды жақсы меңгерген. Бұл дағдылар құтқарушылар үшін өте құнды болмақ.
Меморандум шарттарына сәйкес, іздестіру шараларына Орман шаруашылығы қызметкерлері, оның ішінде орманшылықтың атты патрулі мен Мемлекеттік ұлттық табиғи парк тарапынан басқа да күштер мен құралдар жұмылдырылады. Орман жолдары қолайсыз болған жағдайда атты патруль ерекше тиімділік танытады, себебі мұндай жағдайларда кәдімгі техника пайдасыз болуы мүмкін.
Бұл ынтымақтастық іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуде әріптестер желісін кеңейтуге жол ашады. Аталған келісім – төтенше жағдайлар қызметтері мен табиғатты қорғау ұйымдары арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі, әрі болашақта халықтың табиғи ортада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған серіктестіктер үшін үлгі болары анық.

Қарағанды облысы ТЖД