ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішев Қарағанды облысында болды

ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішев Қарағанды облысында болды

  Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев облыстық жедел ден қою штабының қызметіне инспекция жүргізді.

  Вице-министр штабтың ағымдағы жұмысымен танысты, бөлімшелердің төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын бағалады, сондай-ақ есепті кезеңдегі қызмет қорытындылары бойынша ТЖ департаменті басшылығының есептерін тыңдады.

  Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, шұғыл қызметтердің іс-қимылдарын жедел үйлестіру, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

  Сапар соңында вице-министр өңірдің халық қауіпсіздігі мен инфрақұрылымын қамтамасыз ету шараларын күшейтуге бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.