Қарағанды облысында «Қауіпсіз терезе» акциясы жалғасуда

Қарағанды облысында «Қауіпсіз терезе» акциясы жалғасуда

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Қауіпсіз терезе» облыстық профилактикалық акция шеңберінде өңірдегі денсаулық сақтау мекемелерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Поликлиникалар мен ауруханаларда балалардың терезе мен балконнан құлауын болдырмау тақырыбында дәрігерлермен, оның ішінде балалармен тікелей жұмыс жасайтын және үйге барып қызмет көрсететін медицина қызметкерлерімен кездесулер, түсіндіру жұмыстары мен дәрістер ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, медициналық мекемелердің кіреберіс есіктеріне QR-коды бар ақпараттық тақтайшалар ілініп, тұрғындарға қауіпсіздік бойынша кеңестер жазылған жадынама таратылды.

Қарағанды облысы ТЖД