Қарағанды облысында «Қауіпсіз терезе» атты облыстық профилактикалық акция өтуде

Қарағанды облысында «Қауіпсіз терезе» атты облыстық профилактикалық акция өтуде

Қарағанды облысында 16–20 маусым аралығында балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу мақсатында «Қауіпсіз терезе» атты облыстық профилактикалық акция өтуде.

Акцияның мақсаты – түсіндіру жұмыстары арқылы балалар мен ересектерге қауіпсіздік шараларын жеткізу.

Іс-шаралар аясында өңір балабақшаларында бірқатар алдын алу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ТЖД қызметкерлері мен білім бөлімі бірлесіп бүлдіршіндерге арналған «Терезе – ойыншық емес!» атты интерактивті сабақтар өткізілді. Балаларға терезенің қауіптілігі туралы бейнеролик көрсетіліп, қауіпсіздік ережелерін ойын арқылы көрсетті. Ата-аналар мен тәрбиешілерге жадынамалар таратылып, терезе бекіткіштерінің (блокираторлар) таныстырылымы өтіп, олардың қалай жұмыс істейтіні және орнату жолдары түсіндірілді.

Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға, сақтық шараларын сақтауға және балаларды үнемі бақылауда ұстауға шақырады.

Қарағанды облысы ТЖД