Қарағанды облысының ТЖД шомылу маусымына дайындықты күшейтуде

Қарағанды облысының ТЖД шомылу маусымына дайындықты күшейтуде

Жазғы шомылу маусымы қарсаңында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті алғаш рет кәсіби дайындықты арттыруға және су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шараларды өткізуде.

Қарағанды облысының ТЖД жеке құрамы, жергілікті атқарушы органдардың (әсіресе Шет ауданының) қызметкерлері және азаматтық құтқарушылар тереңдетілген дайындықтан өтуде. Негізгі назар суда жүзу және құтқару операцияларын жүргізу дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Осы мақсатта облыстық ТЖД-ның аумақтық бөлімшелері спорт кешендерімен, соның ішінде Геннадий Головкин атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенімен келісімшарт жасасқан. Бұл кешендерде қызметкерлер бассейндерде жаттығу жасап, өз дағдыларын шыңдай алады.
Бұл жүйелі шаралар судағы оқыс оқиғалардың алдын алуға және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге бағытталған.

Қарағанды облысы ТЖД