Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне орай Қарағанды облысы ТЖД барлық бөлімшелерінде Мемлекеттік Тудың салтанатты түрде көтерілу рәсімі өтті.
Іс-шара барысында Мемлекеттік Әнұран шырқалып, қызметкерлерге еліміздің басты құндылықтары – Ту, Елтаңба және Әнұранның маңыздылығы туралы түсіндірілді.
Бұл шара қызметкерлерді ел игілігі жолында адал әрі жанқиярлықпен еңбек етуге жігерлендіріп, патриоттық рухты арттырды. Сонымен қатар, ол әрбір азаматтың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін күшейтіп, бірлік пен отансүйгіштік құндылықтарын дәріптеді.
Қарағанды облысы ТЖД