Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті

Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлеріне Долинка кентіндегі «КарЛаг» саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейіне экскурсия ұйымдастырылды.

Сапар барысында ТЖД қызметкерлері әр қабырғасы тарихтан сыр шерткен музейдің алаңындағы ескерткіш алдында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.
КарЛаг — еліміздің тарихындағы қасіретті жылдардың үнсіз куәсі.
Зұлмат заманның зардабын тартып, жазықсыз жапа шеккен ата-бабаларымыз бүгінгі және келешек ұрпақтардың жадысынан мәңгіге өшпейтіні сөзсіз.

Қарағанды облысы ТЖД