Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!

29 мамыр күні Балаларды қорғау күніне арналған «Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!» атты республикалық онкүндік аясында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Орталық мәдениет және демалыс саябағында ауқымды іс-шара ұйымдастырды.

Аталған іс-шара аясында кішкентай қонақтар мен олардың ата-аналары құтқарушылардың арнайы техникасы мен жабдықтарының көрмесін тамашалап,нағыз құтқарушылармен кездесті.

Сондай-ақ, қауіпсіздік бойынша интерактивті оқыту алаңдары ұйымдастырылды. Бұнымен қоса, бүлдіршіндерге анимациялық бағдарлама ұсынылды, онда олар   қызықты байқауларға қатысып, сыйлықтарға ие болды.

Іс-шара өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталды.Балалар төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету ережелерімен және құтқарушы мамандығымен ойын түрінде танысуға тамаша мүмкіндік алды.

Қарағанды облысы ТЖД