Біздің байлығымыз – балалар!

Біздің байлығымыз – балалар!

29 мамырда, Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында, Қарағанды облысының ТЖД республикалық акция аясында «Әсем» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін жарқын әрі мазмұнды іс-шара ұйымдастырды.

Мерекелік күн қуанышқа, шатыққа және жылылыққа толы болды. Балалар хайуанттар бағында болып, жануарларды қызығушылықпен тамашалады, өрт-құтқару техникалық музейін аралап, құтқарушылардың жұмысымен танысты. Оларға арнайы техника көрсетіліп, құтқарушы мамандығы туралы айтылды, шынайы батырлар секілді сезінуге мүмкіндік берілді.
Содан кейін мереке ашық ауада жалғасты: балалар асфальтқа сурет салу байқауына қатысып, өз армандары мен қиялдарын бояумен жеткізді. Көңілді аниматорлар балаларға арналған би, ән және ойындар ұйымдастырып, көңіл-күй шынымен де мерекелік әрі ғажайып болды.
Мұндай іс-шаралар балаларға қуаныш пен жаңа әсерлер сыйлап қана қоймай, барлығымызға еске салады: балалар – біздің ең басты байлығымыз. Оларға қамқорлық жасау, қауіпсіз әрі бақытты орта қалыптастыру – біздің ортақ міндетіміз.
Әр баланың өмірінде бақытты сәттер көп болсын!

Қарағанды облысы ТЖД