
2025 жылғы 13-14 мамыр аралығында Атырау қаласында облыстық «Жас құтқарушылар» слеті өткізілді.
«Жас құтқарушы» слетінің мақсаты - балалар арасында салауатты өмір салтын кеңінен дәріптеу, балаларға төтенше жағдай кезінде дұрыс іс-қимыл әрекетін үйрету және «құтқарушы» мамандығын насихаттау.
Жарыс 8 кезеңнен құралды:
1) «Таныстыру» байқауы
2) «Газет-жарнама қалқаны» байқауы
3) «Жауынгерлік қанат жаю» сайысы
4) «Өрт сөндіру эстафетасы» сайысы
5) «Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету» байқауы
6) «Су айдынындағы құтқару жұмыстары» сайысы
7) «Өткел» сайысы
8) Психологиялық тренинг жаттығулары
Облыстық слетте қалалық, аудандық сайыстардан жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіске жеткен 7 команда (60 оқушы) бақ сынады. Әр команда 13-17 жас аралығындағы 8 оқушыдан (6 бала, 2қыз) құралған.
Сайыс кезеңдері №13 МӨСБ, «Ескерткіш Қызмет Қазақстан» ЖШС YKK оқыту базасында және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өткізілді. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, тартысты ойын көрсетті.
Екі күнге созылған облыстық слеттің қорытындысы бойынша,
Жеңімпаздар алғыс хатпен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, жеңімпаз атанған «Жас құтқарушы Атырау» қоғамдық қорының командасы Республикалық «Жас құтқарушылар» слетінде Атырау облысының намысын қорғайтын болады.
Атырау облысы ТЖД
Имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы