Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Бұл ұйым 1995 жылы құрылып, елдегі түрлі этностар мен мәдениеттердің ынтымақтастығын, бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды институтқа айналды. Оның басты мақсаты – елімізде барлық этностар мен ұлттардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, қоғамдық келісімді қолдау және мәдени көптүрлілікті сақтау. Осы мерейтой аясында елде түрлі мәдени іс-шаралар мен форумдар ұйымдастырылып жатыр. Дәл осындай шара Атырау қаласы Достық мәдениет үйінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған концерттік бағдарлама өтті. Осы шараға арнайы Атырау облысы Төтенше жағдайлар қызметкерлерін қонақ ретінде қатынасты. Шара барысында қызметкерлеріміз әр-түрлі этно өкілдердің мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысты.
Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Бүгінде Қазақстан Халқы Ассамблеясы – тұрақтылық пен бейбітшілік кепілі. Ассамблея алдағы уақытта да Қазақстанның тұрақты дамуы мен бірлігін қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстаратқаруды жалғастырабермек.