«Ұлттар достығы — бірлігіміздің негізі»

«Ұлттар достығы — бірлігіміздің негізі»

Қазақстан халықтарының бірлігі күні – Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай 2025 жылғы 29 сәуірде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Ұлттар достығы — бірлігіміздің негізі» тақырыбында конкурс өтті.

         Шарада  «Новруз» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Э. Ахмедов, азаматтық қорғау органдарының ардагері А. Жадырасынова қонақ болды.

Мерекелік шараның алғашқы бөлімі ұлттар шеруімен басталды. Департамент қызметкерлерінен құралған ұлттар қазақ, өзбек, лезгин, орыс, үнді халықтарын таныстырып, өнерін, салт-дәстүрлерін көрсетіп, ұлттық тағамдарынан дәм татқызды.

Сайыс қорытындысымен «Дәмді асхана» номинацисын орыс ұлты жеңіп алса, «Шығармашылық шеберлік» номинациясымен лезгин ұлты марапатталды.

Жүлделі

1 орынды – қазақ ұлты

2 орынды - өзбек ұлты

3 орынды – үнді ұлты иеленді.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Баршаңызға ынтымақ пен бірліктің мәңгілік болуын тілейміз. Бірлігіміз бекем болсын!

 

Имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы