Атырау облысында «Таза Қазақстан» акциясының шеңберінде өрт қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

Атырау облысында «Таза Қазақстан» акциясының шеңберінде өрт қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде жүзеге асатын «Жүректен жүрекке» үкіметтік емес ұйымының «JerEcoHab» жобасының таныстырылымына қатысты.

Іс-шара барысында Департамент қызметкерлері жылда орын алатын қамыс өртінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарда бірлесіп қызмет атқаруды ұсынды.

 «JerEcoHab» жобасының мақсаты – жастардың экологиялық сауаттылығын арттыру арқылы табиғатқа жан-жақты қамқорлық көрсету.

 

 

Атырау облысы ТЖД Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы