2024 жылғы 23 сәуірде Атырау облысы ТЖД қызметкерлері "Сармат" мамандандырылған мектеп-лицей интернатының базасында республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысты.
Конференция аясында қатысушылар мен тәрбиеленушілерге ТЖ кезінде жұмыс істеуге арналған құтқару және арнайы мүліктің заманауи үлгілері көрсетілді.
Сондай-ақ, іс-шара барысында "Сармат" мектеп-лицейінің тәрбиеленушілері үшін азаматтық қорғау жүйесіндегі қызметтің ерекшеліктері, оның негізгі міндеттері мен қағидалары туралы ақпарат жеткізілді.
Атырау облысы ТЖД