Бүгін 24 сәуір таңғы сағат 05:23-те Атырау қаласының орталық көшелерінің бірінде жаңадан салынып жатырған тұрғын үй кешенінен өрт туралы шақырту келіп түсті.
Оқиға орнында 13 пен 14-қабаттар арасындағы 450 шаршы метр аумақта ағаш қалып (опалубка) жанған.
Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт сағат 06:48-де оқшауланып, 07:04-те толық сөндірілді.
Тілсіз жаудың кешенге таралуына жол берілмеді.
Зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД-нің 32 құтқарушысы мен 9 техникасы жұмылдырылды.