Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Анықтау басқармасының тапсырмасына сәйкес, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында Қылмыстық саладағы ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокурорларымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында Қылмыстық саладағы ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокурорлары Э. Саткаев және А. Қалдыбаев қатысып, Департаменттің Жоспарлау және жедел басқару орталығының деспетчерлік құрамына арыздар мен хабарламалардың тіркелу тәртібі бойынша түсіндірді.
Сонымен қатар, Департаменттің анықтаушыларына сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі бойынша қажетті мәліметтер берді.
Атырау облысы ТЖД