Жас құтқарушылар ант қабылдады

Жас құтқарушылар ант қабылдады

2025 жылғы 14 сәуірде Атырау облысы ТЖД бастығы полковник Н. Жаңабаевтың  төрағалығымен Қызметке жаңадан қабылданған жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өтті.

Жас қызметкерлер сапқа тұрғызылып, Департаменттің жауынгерлік Туы шығарылып, 23 жас қызметкер халық пен Отан алдында адал қызмет етуге ант берді.

Ант қабылдау рәсімінен кейін Департамент бастығы полковник Н. Жаңабаев жас қызметкерлерді құттықтап, оларға батылдық пен төзімділік тілеп, халыққа адал қызмет етудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Азаматтық қорғау органдарының ардагері  С. Досмаганбетов жас қызметкерлерге жылы лебізін білдірді.

Ант қабылдау аяқталғаннан кейін жазғы киім нысанына ауысу бойынша жалпы гарнизондық саптық байқау өткізілді.

 

Атырау облысы ТЖД имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы