2025 жылғы 20 наурыздан бастап 2024 жылғы 18 қазан күні жоғалып кеткен 2001 жылы туған азаматша Я. Легкодимованы іздестіру жұмыстары қайта басталды.
5 сәуірде іздестіру жұмыстарына Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 6 құтқарушы, 1 бірлік техника, 2 жүзу құралдары және Батыс-Қазақстан облысынан 6 құтқарушы, 1 техника, 2 жүзу құралдары қосылды.
Іздестіру жұмыстарына күнделікті 23 қызметкер, 5 техника, 7 жүзу құралдары жұмылдырылуда.
Ағымдағы жылғы 20 наурыздан бастап осы күнге дейін 138 сүңгуір жұмыстары жүргізіліп аумағы 21070 шаршы метр болатын су асты қаралды, сонымен қатар ұзындығы 3,4 шақырым болатын су түбін тралдау жұмыстары жүргізілді.
Атырау облысы ТЖД