
Атырау облысы ТЖД құтқарушылары «Жарылыс қаупі бар мұнай өнімдерін сақтау объектілеріндегі өрттерді сөндіру» тақырыбында «Petro Retail» ЖШС аумағында өрт-тактикалық жаттығу өткізді.
Оқу-жаттығуға жалпы саны 40 адам, 8 бірлік техника қатысты.
Жатығу жеке құрамның тактикалық дайындығын арттыру және арнайы авариялық қызметтермен өзара іс-қимылдарды пысықтау мақсатында өтті.