
Атырау облысының Жылыой және Қызылқоға аудандарындағы Жем, Ойыл, Ноғайты өзендері бойында қап төсеу, бөгеттерді инертті материалдар арқылы нығайтып бекіту жұмыстары жүргізілуде.
📌Аталған жұмыстар нәтижесінде қазіргі таңда жалпы саны:
✅ 85 679 қап (Жылыой ауданы 68 129 қап, Қызылқоға ауданы 17 550 қап)
✅ 21 000 т инертті материал төселді.
Судың қауіпсіз ағынын қамтамасыз ету үшін су басуы ықтимал барлық елді-мекендерде ТЖМ күштері мен құралдары тәулік бойы мониторинг жасап, арнайы штаб жұмысы да ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, МИ-8 әуе кемесімен Атырау-Кұлсары-Миялы-Атырау маршруты бойынша су тасқыны қауіпін бағалау мақсатында Жем өзеніне әуеден барлау жұмыстары жүргізілді