
Департамент қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырып, балықшылардың қаланың су айдындарында балық аулау кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтауын қадағалауда.
Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін азаматтарға негізгі қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, ақпараттық парақшалар таратылуда.
Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар!
Ережелерді бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеледі.
Әрбір өмір біз үшін маңызды! Кез келген төтенше жағдай туындаса, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Атырау облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы