Су тасқынының алдын алу негізінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті және ЖАО қызметкерлері, бірлескен түрде Жылыой және Қызылқоға аудандарындағы суға кету қауіпі бар қауіпті учаскелерде қаптар дайындап, бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізуде.
Атырау облысы ТЖД 34 қызметкерімен Қызылқоға ауданы Миялы аулында казіргі уақытта 264 қап қапталды. Жылыой ауданы, Бақашы ауылында ТЖД-нің 15 қызметкерімен бөгет соғылып, 198 қап қапталды.
Маңғыстау облысы ТЖД 55 қызметкерімен Жылыой ауданы, Тұрғызба ауылында су тасқынын алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында бөгет соғу жұмыстары жалғасуда, қазіргі уақытта 500 қап қапталды.
ТЖМ қызметкерлерімен қатар ЖАО қызметшілері, еріктілер мен ауыл тұрғындары бірлесіп барлығы Жылыой ауданында 265 адам, 7 бірлік техника, Қызылқоға ауданында 34 адам, 3 бірлік техника жұмыс жасауда.