
Атырауда ұлттық киімдер күніне орай өткен мерекелік шеруге 3 мыңнан астам адам қатысып, шарада Атыраулық құтқарушылар және Апаттар медицинасы орталығы ММ филиалының ұжымы да бой көрсетті. Ұлттық рух асқақталып, дәстүр дәріптелді.
Қала орталығындағы Ту тұғырынан бастау алған шеру Исатай-Махамбет алаңына дейін жалғасты. Салт атты батырлар алдыңғы сапта көк туды желбіретіп, көштің рухын көтерді. Қатысушылардың барлығы ұлттық киіммен көрініп, бір-біріне мерекелік көңіл-күй сыйлады.