ТЖК авиациясы Атырау облысындағы жану ошақтарына 30 тонна су шашты

ТЖК авиациясы Атырау облысындағы жану ошақтарына 30 тонна су шашты

Шымкент қаласынан барған «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-17 тікұшағы жану ошағына 3 тоннадан 10 рет су шашты.

Сонымен қатар «Қазавиақұтқару» АҚ «Еврокоптер145» тікұшағымен жану аумағын бойлай ұшу жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысында Атырау қаласынан 30 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ, жануды сөндіру жұмыстары жалғасуда. Ашық жану жоқ.

Жану орны батпақты, өсімдіктердің биік болуы өртті сөндіруді қиындатты, осыған байланысты арнайы техниканың өту мүмкіндігі жоқ.

Алдын ала жану ауданы 110 га.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД, «Қазавиақұтқару» АҚ, Орман шаруашылығынан, жергілікті атқарушы органдардан 82 адам, 23 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды.

 

ІІМ ТЖК баспасөз қызметі