«Атырау» сауда ойын-сауық кешенінде іс-шара өткізілді

«Атырау» сауда ойын-сауық кешенінде іс-шара өткізілді

 

Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Азаматтық қорғаныс айлығы аясында “Атырау” сауда ойын-сауық кешенінде танымдық іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін насихаттау, авариялық-құтқару құрал-жабдықтарын таныстыру.

«Атырау» - қаладағы заманауи сауда және ойын-сауық орталықтарының бірі. Тұтынушылар қатарында ересектер де, балалар да көп.

Ойын-сауық орталығына келген тұрғындарға құтқарушылар өртті болдырмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін түсіндіріп, өрт кезіндегі дұрыс іс-қимыл әрекеттерін үйретті.

Сонымен қатар, өңірде ауа-райының жылынуына байланысты мұз үстіне шығу өте қауіпті екенін қатаң ескертті.

Тұтынушылар авариялық-құтқару инструменттеріне қызығушылық танытып, сұрақтарын қойды.

 

 

Атырау облысы ТЖД

Имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы