«Алғыс айту күні» – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.
«Президент «Алғыс айту күні» туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді», - деген болатын.
Осыған орай, «Алғыс айту күні» қараңында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде салтанатты іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы “Қоғамдық келісім” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, Атырау облысының ассамблеясының дүнген этномәдени бірлестігінің төрағасы, “Вайнах” ингуш- шешен этномәдени бірлестігінің төрағасы және Атырау қаласы №24 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты.
Өзге ұлт өкілдері құтқарушыларды Алғыс айту күнімен құттықтап, адам өмірін құтқару жолындағы игі істеріне алғыс айтты. Өз кезегінде қонақ болып келген оқушылар Ш. Жолдасбекова, С. Пахроменко, С. Рузметов өнерлерімен тәнті етіп, ізгі тілектерін білдірді.
Іс-шара соңында қонақтарға алғыс хат табыс етілді.