
Департаменттің психологиялық қызмет тобының мамандары, Кадр және тәрбие жұмыс басқармасы жеке құрам жөніндегі инспекция тобының бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Қ. Қыдырбайұлы Жылыой ауданына барды.
Іс-сапар барысында психолог мамандар гарнизон ұжымына психопрофилактикалық жұмыстарды ұйымдастырып, моральдық-психологиялық ахуалды анықтау үшін сауалнамалар жүргізіп, әңгімелесу, тренинг өткізді. Сондай-ақ, әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларды азайту мақсатында жаңадан отбасын құрған жас отбасылардың үйлеріне барып, тәрбиелік сипаттағы әңгімелер өткізілді.
Жеке құрам жөніндегі инспекция тобының бас маманы қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы айтып, жол-көлік оқиғасы кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Сонымен қатар, діни экстремизмнің алдын алу мақсатында экстремистік ұйымдардан аулақ болуды, бұрыс бағыттардан өзін-өзі алшақ ұстау мәселелері жайлы сөз қозғады.