Өрт – тілсіз жау

Өрт – тілсіз жау

Өрт – тілсіз жау. Қыс мезгілінде тұрғындар жылыту пештерін көп қолданады. Өрт қауіпсіздігі талаптары толық сақталмайды. Салдарынан, оқыс оқиғалардан тұрғын үйлерде өрт оқиғалары жиі тіркелуде.

 

Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтар мен 13 қаңтар аралығында Атырау облысы бойынша 14 өрт оқиғасы тікелді:

  • тұрғын үйде - 2 өрт,
  • автокөлікте - 8 өрт,
  • бақылаудағы объектілер – 4 өрт.

 

Жалпы өрт оқиғалары негізінен адами факторлардың әсерінен, яғни салғырттықтан көп орын алуда. Тұрғын үйлердегі өрттің шығу себебі көбінесе өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережесін сақтамаудан болып жатыр.

Өңірде өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында Атырау облысы ТЖД қызметкерлері тұрақты негізде тұрғын үйлерді аралап, өрт қауіпсіздігі талаптарын жеткізу үшін ауқымды профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

 

Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережесін сақтамау дегенеміз:

  • қосулы тұрған электр, яғни үй жылытқыш пештердің үстіне киім жайып кептіру,
  • тез тұтанатын аумақтарға пешті жақын қою,
  • көрпе-төсек, перде тұратын жер мен пештің арақашықтығын ескермей жақын қою,
  • тұрмыстық электр аспаптарын қараусыз қалдыру,
  • қолданып болған соң тоқ көзінен ажыратпай немесе бала қолы жететін тұсқа қоя салу,
  • кішкентай балалы үйлерде оттықты, сіріңкені қолжетімді жерге қалдыру,
  • ток көзіне, жалпы үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өртке қарсы ережелерді сақтамау,
  • кәсіби мамандардың көмегіне жүгінбей өз бетінше жұмыс жасау.

 

Тұрғын үйлердегі орын алатын өрттердің ең үлкен зардабы – бұл тікелей адам өміріне, денсаулығына қауіп тудырады.

 

Құрметті тұрғындар! Атырау облысы ТЖД өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады! Әрбір тұрғын кез келген техникалық, электрлі заттарға мұқият болуы керек.

 

 

Атырау облысы ТЖД

Имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы