Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен жергілікті халықтың төтенше жағдайлар туралы білім деңгейін арттыру және оларға дұрыс ден қою мақсатында, «Kundelik.kz» білім беру саласындағы бағдарламалық қамтамасыз ету платформасында түрлі төтенше жағдайлар бойынша ақпараттық жадынамалар орнатылды.
«Kundelik.kz» платформасын ай сайын млн. астам адам қарайды.
Департамент тарапынан аталған платформа арқылы түрлі төтенше жағдайлар мен ықтимал ірі апаттардың алдын алу мақсатында халыққа, соның ішінде балаларға өрт қауіпсіздігі, мұздағы/судағы қауіпсіздік, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша ауқымды мағұлмат таратылуда.
Қабылданған шаралар өскелең ұрпақтың әртүрлі төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыруға бағытталған.
⚠ Құрметті ата-аналар, сіздерден «Kundelik.kz» платформасында орналастырылған жадынамалар арқылы өздеріңіздің және балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз!