Азаматтық қорғау органдарына жұмысқа іріктеу тәртібі

Азаматтық қорғау органдарына жұмысқа іріктеу тәртібі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Заңмен «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына бірқатар түзетулер енгізіледі.

2021 жылғы қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін заң жобасы заңға мынадай түзетулерді қамтитын болады: 1. Заңнамалық деңгейде реттеу: 1) Конкурс пен тағылымдаманы өткізу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ құқық қорғау қызметіне кіру кезінде конкурстан тыс іріктеу, - делінген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң тұжырымдамасында.

Қазіргі уақытта азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады: 1) хабарландыруды жариялау; 2) құжаттарды қабылдау; 3) құжаттарды қарау; 4) дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру; 5) медициналық және психофизиологиялық куәландыру; 6) полиграфологиялық зерттеу; 7) әңгімелесу. Бұдан басқа, тағылымдамадан өту мерзімі бір айды құрайды.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап кіші және орта басшы құрам лауазымдарына алғаш рет түсетін адамдарды бастапқы кәсіптік даярлау жаңа институтының енгізілуіне байланысты ведомстволық білім беру ұйымдарында оқудан өтеді. Конкурс құқық қорғау органдарының аға және жоғары басшы құрамы лауазымдарына ғана жарияланады. Осыған байланысты конкурстық рәсімдер оңтайландырылады.

Азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналастырудың барлық мәселелері бойынша: Атырау қаласы, Баймұханов көшесі, 54А, тел: 8(7122) 36-13-49 мекен-жайы бойынша кадр қызметіне хабарласуға болады.

 

 

Атырау облысы ТЖД

Кадр саясаты бөлімінің бастығы

азаматтық қорғау подполковнигі Г.Нарегеева