ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильиннің Атырау облысындағы жұмыс сапары

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильиннің Атырау облысындағы жұмыс сапары

Ағымдағы жылғы 4 тамызда  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю. В. Ильин Атырау облысына жұмыс сапарымен келді. Атырау  облысының әкімі М.Ж. Досмұханбетовпен кездесу барысында Ю. В. Ильин Департаменттің жаңа бастығы – азаматтық қорғау полковнигі О.Қ.Бержановты таныстырды.                                                       
Аймақ басшысымен өткен кездесуде өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын нығайту бойынша маңызды мәселелер талқыланды.

Қызметтік іссапар барысында Ю. В. Ильин Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің тыныс-тіршілігімен танысты. Ең алдымен жедел құтқару жасағының жұмысымен, Атырау облысының құтқарушыларының техникалық базасымен танысты.

Сонымен қатар, Атырау қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынған өрт сөндіру техникасымен және өрт сөндірушілердің жауынгерлік дайындығын шыңдайтын жылу-түтін камерасымен танысты. Сонымен қатар, ол өрт-қолданбалы спорт спортшылары мен жеке құрамның дене дайындығын арттыру мақсатында салынған "Алау" спорт кешенінде болды, онда оған шабуыл сатысымен көтерілу бойынша жүгіру көрсетілді. Соңында Юрий Викторович спортшыларға жеңіс, ал өрт сөндірушілерге өзінің кәсіби қызметінде табыс тіледі.

 

Атырау облысы ТЖД

Ішкі және сыртқа коммуникациялар тобы