Атырауда «Үздік қарауыл бастығы-2024» анықталды
2024 жылдың 14 тамыз күні «Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері арасында «Үздік қарауыл бастығы-2024» байқау сайысы өткізілді.
Аталған сайысқа өрт сөндіру бөлімдерінен 13 қарауыл бастығы қатысты. Сайыстың басты мақсаты әр қызметкердің кәсіби және жауынгерлік дайындықтарын арттыру.
Сайыс 5 кезеңнен өткізілді:
1) 20 сұрақтан құрылған ТЕСТ сұрақтарына жауап берді;
2) Оқу мұнараның 4-қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу;
3) 4-қабат терезесінен өзін-өзі құтқару;
4) жауынгерлік қанат жаю;
5) дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер орындау (керме мен арқалыққа тартылу).
Ұйымдастырылған сайыс кезеңдері өз күрделігімен ерекшеленеді. Әр қарауыл бастығы бірінші өрт сөндіру жетекшісі болғандықтан кез-келген өрт оқиғасы немесе қандайда бір төтенше жағдай кезінде сақадай сай болуы тиіс.
Осыған орай, сайыс нәтижесінде мықты деген 3 үздік жеңімпаз анықталды.
Атап айтқанда:
Жеңімпаздарға арнайы диплом, кубок, медаль, белдік (пояс) және бағалы сыйлықтар табысталды.
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі