Атырау облысының құтқарушылары тұрғынға көмек көрсетті

Атырау облысының құтқарушылары тұрғынға көмек көрсетті

Атырау облысының құтқарушылары тұрғынға көмек көрсетті

 

2024 жылғы 18 маусымда Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Атырау қаласынан 25 шақырым қашықтықта Бесікті ауылы тұсында Газ тарату станциясының күзетшісіне көмек көрсетті.

Құтқарушылар Бесікті ауылынан Газ тарату станциясына дейін 10 шақырым қайық арқылы жетіп, күзетшіге азық-түлік, жанармай жеткізді.

Айта кету керек, Атырау қаласында Жайық өзенінің су деңгейі көтерілуіне байланысты, құтқарушылар аталған мекен-жайға тұрақты түрде көмек көрсетті. Осыған дейін Газ тарату станциясының күзетшілеріне 11 рет қайықпен азық-түлік пен жанармай жеткізілді.

Құтқару жұмыстарына ЖҚЖ 2 құтқарушы, 1 үрмелі қайық, 1 бірлік техника жұмылдырылды.

 

Атырау облысы ТЖД

қоғаммен байланыс тобы