БАҚ өкілін мерейлі 60 жасымен құттықтаймыз 💐
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Селимов Назарали Гаджимагомедович Департамент басшылығы және ұжым атынан "Прикаспийская коммуна" облыстық қоғамдық-саяси газетінің экономика және құқық бөлімінің шолушысы Новак Светлана Павлованы мерейлі 60 жасымен құттықтады.
Новак Светлана Павловна 40 жылдан бері "Прикаспийская коммуна" редакциясында жұмыс істейді, жұмысқа деген ерекше ынтасының арқасында жетекші бөлім басшысына дейін өсті. Оның материалдары әрқашан үлкен қызығушылық пен қоғамдық резонанс тудырады.
Светлана Новак азаматтық қорғау органдарының имиджін арттыруға, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ерлігін жариялауға үнемі өз үлесін қосып келеді.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметін жан-жақты, сапалы, ауқымды түрде жеткізу үшін қауіпсіздік бағытындағы материалдарды жоғары деңгейде дайындайды.
Ол мейірімді, қамқор ана және керемет әже.
Светлана Павловнаны мерейлі жасымен құттықтай отырып, жаңа шығармашылық жетістіктер, отбасына бақыт, зор денсаулық тілейміз!
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы