Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сенбілікке қатысты

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сенбілікке қатысты
2024 жылғы 8 маусымда Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде және оның бөлімшелерінде сенбілік өтті. ТЖ қызметкерлері қажетті құрал-жабдықтармен қаруланып, іргелес аумақты ретке келтірді: қоршауларды бояды, қоқыс жинады, көшеттер отырғызды. Қызметкерлердің үйлесімді жұмысы жақсы нәтиже көрсетті: көшеде де, ғимаратта да тазалық пен тәртіп орын алды.
Сенбілікті өткізу – бұл аумақты абаттандыру және тазалау бойынша іс-шара ғана емес, сонымен қатар ұжымды бұдан да тату және ұйымшыл етуге тамаша мүмкіндік екенін атап өту маңызды.
 
 
Атырау облысы ТЖД
қоғаммен байланыс тобы