Атырау қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілді

Атырау қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілді

Атырау қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілді


Атырауда су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді. «Казгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, бүгінгі күні қала аумағында Жайық өзенінің су деңгейі 428 см құрап отыр, қауіпті деңгей – 550 см.

Су басу қаупін азайту мақсатында Атырау қаласында 113 учаскеде 239,7 шақырымда бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Су тасқынына қарсы шараларды жүргізуге ТЖД, ЖАО, ДП, ҚМ әскери бөлімдері, Ұлттық ұлан, еріктілер мен жергілікті тұрғындардан жалпы саны 6 310 адам, 831 бірлік техника жұмылдырылып, 7 бірлік жүзу құралы, 19 бірлік су сору құрылғылары дайындыққа келтірілді.

Жағдай қатаң бақылауда. Су деңгейіне мониторинг тәулігіне 4 рет жүргізілуде.


Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы