Чернобыль апатына – 38 жыл....

Чернобыль апатына – 38 жыл....

Чернобыль апатына – 38 жыл....

Осыдан 38 жыл бұрын, яғни 1986 жылы 26 сәуірде Украинаның Чернобыль қаласындағы атом-электр стансасының төртінші блогі жарылды. ЧАЭС атомдық реакторы толығымен бүлініп, қоршаған ортаға радиоактивті заттар тарады. Көп күшімен апат ауыздықталғанымен, адамзатқа орасан зор залалын тигізді.

Апаттың зардабын жою жолында Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен 600 мыңдай сарбаз, отан алдындағы борышын атқарды.
Олардың арасында – өртке қарсы қызмет саласының ардагері Илешов Асқар Қайрғалиұлы да бар.

Илешов Асқар Қайрғалиұлы 1966 жылы 25 қазанда Гурьев қаласы Балықшы ауданында Кеңөзек ауылдық советінде дүниеге келді. Ол 1974-1984 жылдар аралығында Кеңөзек орта мектебін бітірді. 1984-1986 жылы әскерге шақырылып, Донецк қаласында Отан алдындағы әскери борышын өтеп жүрген кезінде, 1986 жылы 26 сәуірде Чернобыль атом-электр станциясы жарылған болатын.
«28 сәуір күні әскери дабылмен барып, Детятка қаласын эвакуация жасадық. Сол қаланың шетінде Чернобыль атом-электр станциясынан 30 шақырым қашықтықта жұмыс жасады. Әр ер адамның Отан алдында өтейтін борышы бар. Біздің маңдаймызға осы Чернобылде болу жазылыпты. Міндетімізді толық орындадық деп есептеймін. Келешекте мұндай апаттар болмасын. Тыныштық болсын. Ұрпағымыз жақсылықта, бейбіт күнде өмір сүрсін», - дейді ардагеріміз.

А. Илешов әскерден оралған соң 1986-1993 жылдары Алғабаста еңбек жолына араласты. Кейін 1993 жылы Өртке қарсы қызметіне жүргізуші лауазымына жұмысқа қабылданды. Қызметтік борышын адал атқарып, жас мамандарға үлгі болды.
Ардагеріміз 2008 жылы 23 қыркүйекте құрметті еңбек демалысына шықты. Қазіргі уақытта еңбек жолын «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС мекемесінде жүргізуші лауазымында жалғастыруда.

Асқар Қайрғалиұлына зор денсаулық, ұзақ өмір тілейміз!

Айта кету керек, мұндай алпауыт апатпен алысқандардың ерлігі – бүгінгі өскелең ұрпақты тәрбиелейтін антқа адалдықтың, батылдық пен батырлықтың жарқын үлгісі.


Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы