Құтқарушы қызметі – адал азамат міндеті

Құтқарушы қызметі – адал азамат міндеті

Құтқарушы қызметі – адал азамат міндеті

Құтқарушы — түрлi табиғи және техногендiк апаттардан адамдарды құтқаруға бағытталған, адамгершiлікке толы, игі мамандық

Атырау қаласында көктемгі су тасқынының алдын алу барысында Жайық өзенінің жағалауындағы бөгеттерді нығайту жұмыстарына аудандық өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары да жұмылдырылды.

Сол құтқарушылардың бірі - Атырау облысы ТЖД Құрманғазы ауданы №7 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Габбасов Самалбек Ербулатович. С. Габбасов азаматтық қорғау органдарында 2013 жылдан бастап қызмет етеді.

«Біз алдымен 29 наурызда Қызылқоға ауданына жол тарттық. Онда ауылдык округтерді су тасқынан қорғау үшін ауыл тұрғындарымен, еріктілермен бірлесіп қаптарды топырақпен толтырып, инертті материалдар төсеп, бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізіп, Қызылқоға ауданындағы су басу қаупінің алдын алдық. Кейін Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланып, 5 сәуірде бір топ әріптестермізбен Құлсары қаласына келдік. Келе сала бірден тұрғындарды, үй жануарларын, төрт-түлік малдарды құтқару жұмыстарын жүргіздік. Біздің басты міндетіміз адамдарды құтқару болды, ал 13 сәуірден бастап Атырау қаласы Береке ауылында Жайық өзені жағалауында бөгеттерді нығайту жұмыстарын үздіксіз жүргізудеміз», - деп жауап берді Самалбек.

Екі қылықты қыз бен екі ер баланы тәрбиелеп отырған Самалбек Ербулатович өзінің ұлдары болашақта әкесінің жолын қуып құтқарушы болғанын қалайды. Өйткені оның пікірінше, тек нағыз азаматтар ғана құтқарушы бола алады.

Бүгінде Самалбекті сүйікті жары мен балалары асыға, сағына күтуде. Самалбекке өз міндетін абыроймен орындап, үйіне аман-есен абыроймен оралуына тілектеспіз!

 

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы