Атыраулық құтқарушылар тұрғындарға көмек көрсетуде

Атыраулық құтқарушылар тұрғындарға көмек көрсетуде

Атыраулық құтқарушылар тұрғындарға көмек көрсетуде

Қызылқоға ауданында Ойыл өзенінің су деңгейі арнасынан асуына байланысты, кейбір елді-мекендерде жол қатынасы үзілген болатын.
Қазіргі уақытта Қызылқоға ауданында қауіп сейілді. Алайда, Ойыл, Тасшағыл, Жангелдин ауылдық округтеріне қарасты Аққора, Әндір, Қоғам елді мекендерінде жолдың сулы-батпақты болуына байланысты Атырау облысы ТЖД құтқарушылары тұрғындарға қажетті азық-түлік, дәрі-дәрмектерді Шерп жол талғамайтын автокөлігі арқылы тасымалдауда.
Қызылқоға ауданында тұрғындарға көмек көрсету жалғасуда.

Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы